Облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент қызметкерлерінің сапалы жұмысы олардың рухани дайындығымен қатар күш-қуатына да байланысты.
Ақжар ауданындағы төтенше жағдайлар бөлімінің қызметшілері үшін жұмыс күні дене шынықтыру жаттығуларынан басталады. Сондай-ақ, спорттық ойын түрлерінен байқаулар өткізу де дәстүрлі. Өткен сенбі күні аудан орталығы – Талшық ауылында Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қысқы спорт жарысы өтті. Бұл күні стадион басына тек азаматтық қорғаныс саласының мамандары ғана емес, ауданның 28 кәсіпорны мен ұйымынан командалар жиналды. Жанкүйерлердің де қатары қалың болды. Текетірес бәсекеде құтқарушылар үшінші орынды иеленді.
Қайрат САТЫБАЛДИНОВ,
төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімшенің бас маманы,
азаматтық қорғаныс подполковнигі.
Ақжар ауданы.