«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҢҒЫ ЖОЛЫНДА – ПОЛИЦЕЙЛЕР

Солтүстікқазақстандық полицейлер Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай жаппай шаңғымен сырғанау сайысына түсті. Бұл шаңғы эстафетасына 13 ауданның барлық полиция бөлімшелерінің қызметкерлері қатысты.

Сайыс бағдарламасы бойынша үш адамнан құралған команданың әр мүшесі 1600 метр қашықтықты бағындырулары қажет болды. Жарыс басталысымен облыстық ішкі істер департаментінің шаңғышылары алға суырылып шығып, белгіленген қашықтықты бірінші болып өтіп, доданың жеңімпазы атанды. Қалалық ішкі істер басқармасы екінші болып мәре сызығын қиса, Есіл ауданының бөлімшесі үздік үштікке ілікті.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен және грамоталармен марапатталды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp