«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШАҢҒЫ МАРАФОНЫ

 

“Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі” жұлдызды 25 күн жалпыұлттық акциясы аясында Петропавлдағы Борки кентінде шаңғы марафоны өтті. Оған қатысқан мемлекеттік қызметшілер, әртүрлі ұйымдардың өкілдері, студенттер табиғат аясында өзара сынға түсті.

Шаңғысын сайлап келген азаматтарды құттықтаған облыс әкімі Ерік Сұлтанов солтүстікқазақстандықтардың 29,6 пайызы саламатты өмір салтын ұстанатындығын тілге тиек етті.

– Тәуелсіздік алған жылдары облысымызда 2700-ден астам спорттық ғимарат салынды. Бұл жұмысты біз әрі қарай жалғастыратын боламыз. Соңғы екі жылдың ішінде 192 хоккей қорапшасы мен 250 шағын футбол алаңдарын пайдалануға берсек, оның 46-сына жасанды жамылғы төселген, – деген Ерік Хамзаұлы қысқы маусымды салтанатты түрде ашты.

Содан кейін шара қатысушыларын республикалық президенттік көпсайыстың бірнеше дүркін жеңімпазы Александр Наумов құттықтады.

Марафонға қатысуға тілек білдірген алты жүзге жуық азамат жас ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлінді. Ерлер мен әйелдер командалары ереже бойынша бір шақырым қашықтықта жарысты.

Спорттық шара соңында барлық қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp