Қаңтардың 11-і күні Швейцарияның Лозанна қаласында жасөспірімдер арасындағы ІІІ Олимпиада басталды.
15-18 жас аралығындағы 1872 спортшы шаңғы жарысы, сноуборд, фристайл, шаңғы қоссайысы, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, альпинизм, биатлон, шайбалы хоккей, шанамен сырғанау, бобслей, скелетон, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру және керлинг сынды 16 спорт түрінен бақ сынауда.
Жасөспірімдер Олимпиадасының алғашқы күнінде 6 елдің өрендері ғана жүлдегер атанды. Швейцариялықтар 3 алтын, 2 күміс және 1 қоламен қарсыластарынан қара үзіп кетті. Швеция құрамасы бір алтынмен екінші орынға жайғасса, 1 күміс, 1 қоласы бар Франция командасы үштікті қорытындылады.
Төрт жылда бір өтетін дүниежүзілік жарыс 22 қаңтар күні аяқталады.