«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕБЕРЛІКТЕРІН ШЫҢДАДЫ

Ақжар ауданының ұстаздары “Өрлеу” БАҰО АҚ-ы филиалының мамандары ұйымдастырған “Білім беру ұйымдары педагогтарының тиімді тәжірибесін жинақтау технологиясы” тақырыбындағы семинарға қатысты.

Шараға қатысқан елуден астам мұғалім аттестациялау үдерісін реттеуге және педагогикалық қызмет нәтижелерін талдауға мүмкіндік алды. Сонымен қатар тәжірибе жинақтау технологиясы аясында эссе құрылымы, шығармашылық есеп және өзінің кәсіби қызметі бойынша есептерін жүйелеу талаптары бағытында жұмыс істеді.
Тиімді тәжірибені жинақтауда оқытушының педагогикалық шеберлігі, портфолио жасауда әдістемелік талаптарды түсінуі, материалдарды инновациялық және ғылыми-әдістемелік тұрғыда жасау тұстары да ескерілді.
Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Гүлзат ӘЛЖАНОВА,  “Өрлеу” БАҰО АҚ-ы “Инновациялық білім және ақпараттық технологиялар” кафедрасының аға оқытушысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp