
Облыстық кәсіпкерлер палатасында халықаралық бағдарламалар түлектері қауымдастығының ұйымдастыруымен іскер азаматтарға арналған дәстүрлі шеберлік сағаты өтті. Оқыту шарасында кәсіпорынның тиімділігі мен өнімділігін арттыру үшін тәжірибелік “кайдзен” әдістемесін енгізудің артықшылықтары айтылды.
ХХ ғасырдың басында АҚШ-та еңбекті тиімді ұйымдастыру мәселесі Генри Фордтың қызығушылығын оятып, ол автокөліктердің конвейерлі өндірісін жолға қойған еді. Ал бүгінгі таңда кәсіпорынның тиімділігі мен өнімділігін арттыру – кез келген кәсіпкердің мақсаты. Еңбекті осылайша ұйымдастырудың үздік әдістемесін жапондық ғалымдар ойлап тауып, жетілдірген. “Кайдзен” деп аталатын әдістемені бүгіндері әлемнің мыңдаған кәсіпорны пайдаланады. Еңбек үдерісін шығыс философиясы бойынша оңтайландыруды жетік меңгерген сарапшылардың бірі – Серік Ақашев. Жапонияда оқып қана қоймай, үш жыл жұмыс істеген ол кейін еліміздің кәсіпорындарында аталмыш әдістемені жұмыста қолдануды үйретті.
Палатада өткен шеберлік сағаты барысында сарапшы солтүстікқазақстандық кәсіпкерлермен тәжірибесімен бөлісті. Толығырақ газетіміздің келесі нөмірінен оқи аласыздар.