Петропавлдағы Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжде «WorldSkills Kazakhstan 2025» кәсіби шеберлік чемпионатының өңірлік кезеңінің ашылуы өтті. Сайыс оныншы рет ұйымдастырылды. Оған 15 жастан 22 жасқа дейінгі жастар қатысып жатыр.
Жарыс графикалық дизайн, веб-технологиялар, желілік және жүйелік басқару, мобильді қосымшаларды әзірлеу, мектепке дейінгі тәрбие, бастауыш сыныптарда оқыту сынды 6 құзырет бойынша өтеді.
«WorldSkills» аясында өңірлік, ұлттық және әлемдік чемпионаттар өткізіледі. Қатысушылар тәжірибе жинап, өз дағдыларын жетілдіреді.
Ақерке ДӘУРЕНБЕКҚЫЗЫ,
«Soltüstık Qazaqstan».