«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕКАРА МАҢЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Ресей Федерациясының Қорған облысының шекарасына дейінгі республикалық автожолды қайта жаңарту жұмыстарының барысын тексерді. Жоба созылып кеткендіктен, ендігі міндет – жөндеуге қарқын қосу. Жаңа мердігер қызу жұмысқа кірісті. Жыл соңына дейін көліктер жаңа жол арқылы қайта жүйтки бастамақ. Бұл шекара маңындағы өңірлерді байланыстыратын маңызды көлік дәлізіне айналып, логистика мен туризмнің дамуына серпін береді деп күтілуде.

Аталған жол «Жаңажол» шекаралық өткізу пунктіне апарады, онда да биыл ауқымды қайта жаңғырту және жаңарту жоспарланған. Жоба аясында жаңа ғимараттар мен құрылыстар салу, кіреберіс және шығу бағыттарын бөлу, жолды төрт жолақты етіп кеңейту, заманауи тексеру жүйелерін енгізу және жарық шамдарын орнату көзделген. Бұның барлығы шекарадан өтетін азаматтар үшін жайлы жағдай жасап, өту уақытын айтарлықтай қысқартуға септеседі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp