
20 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 13 халықаралық әуе рейсі келді.
1270 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1012 адам, анықтамасыз 258 ҚР азаматы келді.
Оның ішінде:
Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс, 600 жолаушы, анықтамамен — 577, анықтамасыз — 23;
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 483 жолаушы, анықтамамен — 249; анықтамасыз — 234;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 127 жолаушы анықтамамен келді;
Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 1 жолаушы анықтамамен келді;
Орал қаласының әуежайына – 1 рейс, 59 жолаушы, анықтамамен — 58; анықтамасыз – 1.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.
https://egemen.kz