«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шетелден ұшып келген 2 адамнан коронавирус анықталды

25 қарашада Қазақстан Республикасының аумағына Египет, Түркия, РФ, Корея, БАӘ, Нидерланды, Беларусь Республикасы мен Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді.

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, 1 026 әуе жолаушысының ішінде ПТР тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен — 921 азамат, анықтамасыз — 105 адам келді. Барлығы — ҚР азаматы. Оның ішінде: — Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына — 6 рейс, 507 жолаушы, анықтамамен — 431, анықтамасыз — 76;
Алматы қаласының әуежайына — 5 рейс, 420 жолаушы, анықтамамен — 391, анықтамасыз — 29;
Атырау қаласының әуежайына — 1 рейс, барлық 99 жолаушы анықтамамен келді. Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижесі бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

https://www.inform.kz
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp