«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЕТЕЛДІК АЛАЯҚ ҰСТАЛДЫ

Мамлют ауданында алаяқтың арбауына түскен 80 жастағы әйел 140 мың теңгесінен айырылып қалған. 

Үйіне шәлі сатамын деген сылтаумен кірген әйел әңгімелесу үстінде ақша реформасы болады деп алдап, өзінің ақша айырбастауға көмектесе алатынын білдірген. Осылайша қарияның  үйде тұрған 140 мың теңгесін қағып алып, орнына сувенир купюраларды беріп кеткен. Іле-шала күдіктенген үй иесі жақын маңдағы дүкенге барып, тексертсе, ақша жалған болып шыққан. Полицияға уақтылы шағымдану нәтижесінде алаяқ көп кешікпей қолға түсіп, ақша қайтарылды. 64 жастағы алаяқ Ресей азаматы болып шықты. Қазақстанға жиі келіп тұрады екен. Енді оның үстінен қылмыстық іс қозғалып отыр.

Қызылжар өңірінде жыл басынан бері алаяқтықтың 110 фактісі тіркелген, әзірге олардың 65 ғана ашылған.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp