Австралиялық компания мамандары Солтүстік Қазақстан облысында геологиялық барлау жұмыстарын бастады.
«Iluka» трансұлттық компаниясы минералды құм орындарын іздеумен айналысады. Биыл жазда Қызылжар өңірінде жүргізілетін барлау жұмыстарының жоспары облыс басшылығымен талқыланған болатын. Барлаудың алғашқы нәтижелері қысқа қарай белгілі болады деп күтілуде, егер минералды құм табылса, сол жерде завод салынбақшы.