Манаш Қозыбаев атындағы СҚМУ-де биылдан бастап үндістандық 150 студент медициналық бағытта білім алады.
Олардың 46-сы Петропавлға келіп, жайғасып үлгеріпті.Қалғандары жақында келеді деп күтілуде. Шетелдік жастар жатақханамен қамтамасыз етіліп, басқа да тұрмыстық жағдайлар жасалған. Үндістанда дәрігерлерді даярлайтын жоғару оқу орындары аз, әрі оқу құны біздегіден әлдеқайда қымбат көрінеді. Ал біздің университетте олар жылына 850 мың теңге төлеп, оқитын болады.
СҚМУ-де сонымен қатар басқа мамандықтар бойынша түрлі мемлекеттерден келген 200-дей шетелдік студент оқып жатыр екен.