«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шикі балықтан жұғады

Описторхоз – құрт ауруы. Ол адамға дұ­рыс тұздалмаған немесе кептірілмеген, жет­кілікті мөлшерде пісірілмеген, шикі балықтан жұғуы мүмкін. Гельминт мөлшері, шамамен, 1 сантиметрге жетеді. Адамның ішектерінде дернәсілдер қабықтан босатылып, бауырға, өт қабына және ұйқы безіне енеді. Бір айдан кейін паразиттер ​​жетіліп, жұмыртқа бөліп шы­ға­рады. Паразит адам ағзасында жылдар бойы (20-25 жасқа дейін) өмір сүреді. Ерте сатысында описторхоз жедел аллергияға ұла­сады. Сонымен қатар өт жолдары зақым­данып, тамырлардың бітелуіне байланысты өт тоқырауы, қайталама инфекция болуы мүм­кін. Гельминттердің жұмыртқалары өт­пен бірге ішекке еніп, содан кейін нәжіспен сыртқа шығарылады. Бірақ олар суда ғана өмір сүреді.

Описторхия жұмыртқалары ұзақ уақыт бө­лінеді. Сондықтан емдеу шаралары бары­сын­да 4-5 айдан кейін екі апталық үзіліспен екі рет бақылау талдауы жүргізіледі. Ауру­дың алдын алу үшін қоршаған ортаның таза­лы­ғын сақтап, шикі балық өнімдерін пайда­ланбау маңызды. Әсіресе, жаңадан кептіріл­ген, дұрыс тұздалмаған балықты жеуге бол­майды. Балық өнімдерін дайындау кезінде термоөңдеу технологиясын сақтау қажет. Балықты дайындаудың түрлі әдісі бар. Бірақ олар қауіпсіздікке кепілдік бермейді. Опис­тор­хозды емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Дәрігердің барлық нұсқау­ларын орындау арқылы паразиттерді жоюға мүмкіндік бар.

Салтанат БЕКҚОЖИНА,

облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp