Описторхоз – құрт ауруы. Ол адамға дұрыс тұздалмаған немесе кептірілмеген, жеткілікті мөлшерде пісірілмеген, шикі балықтан жұғуы мүмкін. Гельминт мөлшері, шамамен, 1 сантиметрге жетеді. Адамның ішектерінде дернәсілдер қабықтан босатылып, бауырға, өт қабына және ұйқы безіне енеді. Бір айдан кейін паразиттер жетіліп, жұмыртқа бөліп шығарады. Паразит адам ағзасында жылдар бойы (20-25 жасқа дейін) өмір сүреді. Ерте сатысында описторхоз жедел аллергияға ұласады. Сонымен қатар өт жолдары зақымданып, тамырлардың бітелуіне байланысты өт тоқырауы, қайталама инфекция болуы мүмкін. Гельминттердің жұмыртқалары өтпен бірге ішекке еніп, содан кейін нәжіспен сыртқа шығарылады. Бірақ олар суда ғана өмір сүреді.
Описторхия жұмыртқалары ұзақ уақыт бөлінеді. Сондықтан емдеу шаралары барысында 4-5 айдан кейін екі апталық үзіліспен екі рет бақылау талдауы жүргізіледі. Аурудың алдын алу үшін қоршаған ортаның тазалығын сақтап, шикі балық өнімдерін пайдаланбау маңызды. Әсіресе, жаңадан кептірілген, дұрыс тұздалмаған балықты жеуге болмайды. Балық өнімдерін дайындау кезінде термоөңдеу технологиясын сақтау қажет. Балықты дайындаудың түрлі әдісі бар. Бірақ олар қауіпсіздікке кепілдік бермейді. Описторхозды емдеу дәрігердің бақылауымен жүргізілуі керек. Дәрігердің барлық нұсқауларын орындау арқылы паразиттерді жоюға мүмкіндік бар.
Салтанат БЕКҚОЖИНА,
облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы.