«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ширек финалда сүрінді

Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ-тың ашық біріншілігінің ширек финалына дейін жеткен отан­дасымыз Юлия Путинцева жеңіліс тапты.

25 жастағы қазақстандық теннисші жүлде қоры 53,4 млн. АҚШ долларын құрайтын доданың алғашқы айналымдарында америкалық Робин Монтгомери, беларуссиялық Вера Лапко мен Александра Соснович және хорватиялық Петра Мартичтен басым түскен болатын. Осылайша, Юлия Путинцева өзінің спорттық мансабында алғаш рет айтулы жарыстың ширек финалында бақ сынау құрметіне ие болды.

Егер отандасымыз бұл межеден сүрінбей өткенде “Үлкен дулыға” санатындағы жарыстардың жекелеген сайысында жартылай финалға дейін жеткен Қазақстанның тұңғыш теннисшісі ретінде өз есімін тарихта қалдыратын еді. Бірақ бұл жолы ондай бақ оған бұйырмады. Жерлесіміз кортта АҚШ теннисшісі Дженнифер Брэйдиге есе жіберді. Жалпы, 1 сағат 11 минутке созылған сайыс 3:6, 2:6 есебімен аяқталды.

Турнирдің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сенсек, әйелдер мен ерлер арасында ширек финалға шыққан спортшылардың әрқайсысы 425 мың АҚШ долларын алады.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp