Петропавлдан 100 шақырымдай жерде қой жайып жүрген шопан жануарлардың опат болуына себепкер болды.
Ол қойларды жол үстіне айдап өтерде жақын маңдағы жол қозғалысын елемеген. Соның салдарынан тым жақын келіп қалған көлік иесі қозғалысын тежей алмай, 16 қоййды соғып кеткен.
Олақ шопан көлікті қалпына келтіру үшін 20 мың теңге сомасында айыппұл төлейді. Соған қоса, мал иесіне де бершек болып, ақысы мойнына қойылды.
Дес бергенде, көліктің жүргізушісі мен жолаушы дін-аман.