«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШОҚТЫҒЫ БИІК ҚАЛАМГЕР

Қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің туғанына 105 жыл толды. Атаулы күнге орай Петропавлдағы Ғабит Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында мектеп оқушыларына арналған танымдық іс-шара ұйымдастырылды.

Қазақ жазушыларының ішінде 17 роман жазған қаламгер ретінде Ілияс Есенберлиннің шоқтығы биік. Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты, әсіресе, тарихқа қан жүгіртіп, ұлттық рухты тірілткен жазушы ретінде әдебиеттен өз орнын ойып алды. “Қаһар”, “Алмас қылыш”, “Жанталас” атты тарихи романдарымен қоса оның “Көшпенділері” қазақ әдебиетіне соны серпін әкелген, оқырман сүйіспеншілігіне бөленген үздік шығарма болып қала бермек. Тарихи трилогияның әлемнің көптеген тілдеріне аударылып, қайта басылып шыққаны осының дәлелі болса керек.
Кітапханаға жиналған жеткіншектер жазушының қилы тағдыры туралы біліп қана қоймай, мерейтой иесіне арналған деректі фильмнен үзінділерді тамашалап, ұрпағының, туғантуысқандарының пікірлерін тыңдады.
Мағжан Жұмабаев атындағы педагогикалық-гуманитарлық жоғары колледжі жанындағы мектеп-лицей оқушылары атақты қаламгердің өмірбаяны мен шығармашылығына арналған “Ұлы даланың жыршысы” тақырыбындағы көрмені де тамашалады.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp