«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ – БАТЫС ҚАЗАҚСТАНДА

Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Н.Ә.Назарбаевтың республикалық қоғамдық штабының мүшелері Оралда студент жастармен, Батыс Қазақстан машина жасау зауытының және “АКАС” агрофирмасының жұмысшыларымен, сондай-ақ, облыстың этномәдени бірлестіктерінің өкіл-дерімен кездесті.

Батыс Қазақстан машина жасау компаниясының қызметкерлерімен жүздесу барысында кәсіпорын жұмысшылары индустрияландыру бағдарламасының арқасында компанияның серпінді қарқынмен дамып жатқанына тоқталды.

РҚШ мүшелерінің келесі барған жері Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті болды. Университет жылына агроөнеркәсіп саласына 5 мыңға жуық маман даярлайды.

Түстен кейін штаб мүшелері “Агрофирма “Акас” сүтті-тауарлы фермасының жұмысшыларымен және облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен жүздесті. Өңірде бейбітшілік пен келісімде 90-нан астам этнос өкілдері өмір сүруде, 48 этномәдени бірлестік өз қызметін жүргізуде.

Ассамблея мүшелері Қазақстан жеріндегі бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы Елбасының баға жетпес рөлін ерекше атады. Олар өздерін Елбасының тірегі санайтынын айтып, 26 сәуірде барша қазақстандықтарды елдегі бейбітшілік, бірлік, тұрақтылық үшін дауыс беруге шақырды.

(Ресми ақпарат).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp