«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШУАҚТЫ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Петропавлдағы “Святая троица” шіркеуінде католиктердің басты мерекелерінің бірі – Пасха аталып өтілді. Шіркеуге келгендерді аталмыш мерекемен облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова құттықтады.

– Біздің өңірде діні әртүрлі көптеген этнос өкілдері тұрады. Құрбан айт, Рождество, Ораза айт сияқты көптеген діни мерекелерді атап өтуіміздің өзі достықтың, татулықтың дәлелі болып табылады. Мұның барлығы Елбасының сындарлы саясаты арқасында жүзеге асып отыр. Осындай атаулы мерекелер біздің жүрегімізді жылылыққа бөлеп, жақсылық жасауға жетелеп, ертеңгі күнге деген сенімді шыңдай түсері анық, – деген облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова ғибадатханаға құлшылық етуге келгендерге денсаулық, береке мен бейбітшілік тіледі.  

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp