«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ШУАҚТЫ ШАҢЫРАҚ”

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы және “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен этностар арасындағы достық, татуластық, ауызбіршілік тақырыбы аясында жоспарлы шара өтті. “Шуақты шаңырақ” деп аталған мерекелік жиын Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналды.

Бұл күні бірлігі мен берекесі, ырыс-ынтымағы жарасқан әр этнос өкілі облыстық ассамблеяға жиналды. Ел тыныштығын тілеп, жарқын болашаққа қалың қауыммен бірге қадам басқан қоғамдық-мәдени орталық мүшелері осы салада көп жыл бойы еңбек еткен ардагерлерге құрмет пен қошемет көрсетті.  

Облыстық ассамблея хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов Ассамблеяның құрылу тарихына тоқталып, осы жылдар арасында қол жеткізген жетістіктер жайында айтты.

Жастарға жемісті еңбегімен үлгі-өнеге бола білген ардагерлер кезегімен сөз алып, қоғамдық-мәдени орталықтардың алғашқы кездегі жұмысы, қиындығы мен қуанышты сәттері жайында әңгімелеп берді.

Мерекелі шарада көпэтносты мемлекетіміздегі тұрақтылық, ұлттар арасындағы сенім мен бірлік, келісім, тыныштық біздің ең қасиетті туымыз екені тілге тиек етілді. Мұның барлығы, әрине, Елбасының сындарлы саясатының арқасында қол жеткізіп отырған жемісті жеңісіміз екені айдан анық.

Бұл күні Достық үйінде бас қосқан облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері және басқа да қонақтар Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізуді қолдайтындарын айтып, халқының кемел келешегін ойлаған Елбасымен әрқашан бірге екендерін ерекше мақтанышпен тілге тиек етті.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp