«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫДАМДЫЛЫҚТЫ ШЫҢДАЙДЫ

Петропавл қаласындағы «Жас арлан» әскери-патриоттық клубы  2018 жылдың күзінен бастап жұмыс істеп келеді. Мұнда  бір жүзден астам ұл-қыздар жаттығады. Клубтың залында балалар тәжірибелі нұсқаушылардың көмегімен автоматтың құрылысымен танысып, алғашқы әскери дайындық машықтарын меңгереді, шыдамдылық пен күш- жігерлерін, ал ең бастысы темірдей тәртіптерін шыңдай алады.

 — Балалар алғашқы әскери дайындықпен, жалпы дене шынықтырумен, өзін-өзі қорғаумен айналысады. Біз тегін жаттыққысы келетін ұл-қыздардың барлығын бірлестігімізге шақырамыз. Біздің үйірме  № 23 орта мектеп  жанындағы балаларға арналған аулалық клубта орналасқан, — дейді «Жас арлан» әскери-патриоттық клубының жетекшісі, интернационалист-жауынгер Эрик Тәттібаев.

Жуырда полицейлер осы клубқа   облыс орталығының шеткі аудандарында тұратын балаларды алып келіп,уақытты белсенді әрі пайдалы өткізудің тиімді түрлерін көрсетті. Петропавл қалалық полиция басқармасы ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы, полиция майоры Эльмира Абушеваның айтуынша, бүгінгі күні облыс бойынша полицияда    кәмелетке толмаған 252 бала есепте тұр. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және олармен жұмыс жүргізуді инспекторлар ұдайы бақылауда ұстайды.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp