«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫЛЫМШЫЛАР ШЫҒЫНҒА БАТСА ДА…

Облыс полицейлері қоғамда ұсақ құқық бұзушылыққа “нөлдік төзімділік” қағидатын қалыптастыру шараларын жүзеге асыруда. Бұл ретте олар әдеттегі құбылысқа айналып кеткен қоқыстарды шашып тастауға, белгіленбеген жерлерде темекі тартуға, ұсақ бұзақылыққа назар аударып, тұрғындарды елді мекендерді көркейтуге, олардың кескін-келбетін, санитарлық тазалығын жақсартуға әсер ететін шараларды сақтауға шақырады. Қажет болған жағдайда ескертулер жасайды.

Осылайша, жыл басынан бері қоғамдық орындарда темекі тартқаны үшін 1400 адам айыпталды. Оларға 6 миллион теңгеден аса айыппұл салынды.

Ұсақ құқық бұзғандары үшін 938 адамға ескерту жасалды. Ал жануарларды бұған лайықталмаған жерлерде қыдыртқаны үшін бір мыңнан астам адам жазаға тартылды.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық ішкі істер департаменті

 баспасөз қызметінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp