«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫМЫР ПОЛИЦЕЙЛЕР

Облыста құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында қазақ кү­ресінен жарыс өтті. Жарыс Жеңістің 80 жылдығына және «Динамо» қоға­мының 100 жылдық мерейтойына арналды.

Боз кілемде полиция департаменттерінің 17 командасы сайысқа түсті. Олардың ішінде қара­ғандылық тәртіп сақшылары мықты екендік­терін көрсетті. Өзге құқық қорғау органдарының атынан қатысқан 8 команданың ішінен бірінші орынды Қазақстан Республикасы Ішкі істер ми­нистрлігінің командасы иеленді.

Солтүстікқазақстандықтардың арасынан об­лыстық полиция департаменті аппаратының қызметкері Батырхан Қайырбек көзге түсті. Ол 74 келіге дейінгі салмақта алтын медаль енші­леді. Сондай-ақ жүлделі орындарды Бекасыл Ер­махан (82 кг), Асхат Халыбай (66 кг) және Әділ Қайыров (100 кг) иеленді.

Әдемау МЕҢДІБАЕВА,

облыстық полиция департаменті ақпараттық саясат бөлімінің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp