«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Шынайы қамқорлықты сезінуде

Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжін техник-механик мамандығы бойынша оқып бітірген Жарқын Жақыпов бүгінде Индустриялық-инновациялық жоба аясында іске қосылған “BARTEK-Қазақстан” ЖШС-інде оператор болып жұмыс істейді.

Жұмысқа орналасқанына жарты жылдың жүзі ғана болса да ол – тәжірибесі мол маман. Облыс орталығының бірқатар кәсіпорындарында жемісті еңбек еткен азамат үйренгеннен үйренерім көп дейді. Петропавл қаласында жаңадан ашылған электрмен жылыту кабельдерін дайындайтын зауыттың ілгері басуына бір адамдай атсалысатынын айтқан ол бүгінде еңбек адамдарына деген шынайы қамқорлыққа дән риза. Әсіресе, Үкімет тарапынан жұмысшы мамандықтарға ерекше басымдық беріліп жатқанына қуанышты.

– Жұмысшы мамандығында еңбек еткеніме 18 жылдан астам уақыт өтті. Жаңадан ашылған зауытқа келіп жаңа жұмыс орнында білмегенімді тәжірибемен үштастырудамын. Менің міндетім – электрмен жылыту кабельдерін шығаратын серіктестікте техникалардың қалыпты жұмысын бақылау. Мұнда кабельдердің көптеген түрі жасалады. Техникалық құрылғылар Франция, Германия елдерінен жеткізіліп, шетелдік мамандардан тәжірибе жинақтадық. Жұмысым өзіме ұнайды. Ай сайын 120 мың теңге жалақы аламын, – деді ол.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp