Қызылжар орман шаруашылығының қызметкерлері үстіміздегі жылдың желтоқсан айынан бастап қылқан жапырақты ағаштарды заңсыз кесу фактілерінің алдын алу мақсатында күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті.
Заңсыз ағаш кескен адамдарға Қазақстан Республикасы Қылмыстык кодексінің “Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу, жою немесе зақымдау” бабы бойынша 160 айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу, не 160 сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тарту, 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу шаралары қолданылады.
Қызылжар орман шаруашылығында барлығы 1901 гектар қарағай бар екенін айта кету қажет. Жасыл шыршаларды күзету және қорғау жұмыстары желтоқсанның 31-не дейін жалғасатын болады.
Рүстем ЖАНАХМЕТОВ, Қызылжар орман шаруашылығының инженері.