«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШАБЫТ

Облыс орталығында “Саламатты өмір салты” атты акция өтті. Шараға қатысқан Петропавл қаласындағы №5 орта мектептің оқушылары акцияның бірінші күні “Денсаулыққа – жасыл жол” тақырыбында суреттер салып, өз өнерлерін паш етті. Сонымен қатар, мектепте фотокөрме ұйымдастырылды.

– Бүгінгі көрмеге 40-тан астам баланың туындылары қойылған. Барлығы да мәнді, мағыналы. Ең бастысы – сурет әлеміне талпынған ұл-қыздарымыз саламатты өмір салтын ұстану тақырыбын ашуға тырысқан, – дейді №5 орта мектептің әлеуметтік ұстазы Ксения Горянова. Оқушыларға қызықты болу үшін осы тақырып төңірегінде “Барлығына күлкі сыйла” деген фотосуреттер жинақталып, көрмеге қойылды.

Акцияға белсенді түрде қатысып, сурет салып, ән айтып, көптің көңілінен шыққан оқушылар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Алма ҚУАНДЫҚҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp