Францияда өтіп жатқан Еуропа чемпионатында ымырасыз ойындар енді басталды. Өйткені, келесі кезең – ширек финал кездесулері. Он алты команданың 1/8 финалдағы ойындарынан соң тең жартысы жолда қалуға тиіс. Сондықтан 25-27 маусым аралығындағы жекпе-жектерде ең күштілер іріктелуі керек.
Алғашқы кездесуде Швейцария мен Польша құрамалары күш сынасқан. Ойынның негізгі екі таймы 1:1 есебімен тамамдалған соң қарсыластар пенальти соғу арқылы жеңімпазды анықтады да бұл бақытқа поляктардың қолы жетті. Есеп 4:5 болып, Роберт Левандовскийдің командасы 1/4 финалға шықты.
Қалған ойындардың нәтижелері төмендегідей: Франция – Ирландия 2:1; Хорватия – Португалия 0:1; Уэльс – Солтүстік Ирландия 1:0; Венгрия – Бельгия 0:4; Германия – Словакия 3:0.
1/8 финалдың Италия мен Испания және Англия мен Исландия кездесулері кеше, 27 маусым күні түнде ойналды.
(Өз тілшіміз).