
Өңірлік коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі облыстық департаментінің өткен 9 айда атқарған жұмысы сараланды.
Департамент басшысы Елена Степаненконың айтуына қарағанда, қазір мемлекеттік қызметшілер мүмкіндігі шектеулі жандарға қолайлы жағдай жасау үшін ым тілін үйренуде. Осы күнге дейін 76 маман ым тілін үйренсе, жыл соңына дейін 100-ден астам маман оқытылмақ. Жыл басынан бері тұрғындарға 3 млн. астам мемлекеттік қызмет көрсетіліп, оны электронды үлгіде алушылардың қатары артқан. Электронды мемлекеттік қызметтерді насихаттау мақсатында “Электронды үкімет” порталын пайдалану үйретіліп, “Е-gov-тың үздік пайдаланушысы” атағына байқаулар ұйымдастырылады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясының филиалдары жыл басынан бері 8 400-ден астам тұрғынға электронды қызмет алуды үйреткен.