«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ынталыға ырыс мол

Петропавлда “Баста!” форумы өтті. Алғаш рет онлайн форматта ұйымдастырылған шараға 150 адам қатысты. “Баста!” форумын 2019 жылдан бері облыстық кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырып келеді.

Форумда баяндама жаса­ған кәсіпкерлер палатасы ди­ректорының орынбасары Ма­рат Ысқақов биыл “Бастау Бизнес” жобасының қолға алын­ғанына 5 жыл толғанын атап өтті. Облыста осы уақыт аралығында 1,6 мың жеке кә­сіпкерлік нысаны пайда бол­ды. “Бастаудың” түлектері 2,1 млрд. теңгенің өнімін өндірді.

“Мектеп және балалар киім тігін фабрикасы” ЖШС-нің директоры Әлия Башеева бизнес бастау ешқашан кеш емес екенін айтады. Бастысы – нарықты жан-жақты зерттеу қажет.

– Кәсіпкер атанғаныма көп уақыт өте қойған жоқ. 29 жас­қа дейін банкте жұмыс істеп, түрлі деңгейдегі қызметті ат­қардым. Қаржы саласында жүріп, дәмхана аштым. Кейін банктегі қызметтен қол үзуге тура келді. Сол кезде ескі достарыммен кездесіп, мек­теп формасын тіге бастадық, – дейді Әлия Башеева.

Форум қашықтан өткеніне қарамастан кәсіпкерлер спи­керлерге өз сұрақтарын қо­йып, тұшымды жауаптар ал­ды. Кейбірі, тіпті білікті биз­нес­мендермен әріптестік ор­нату үшін жеке кездесудің уа­қытын да белгіледі.

Гүлмира ШОҚТЫБАЕВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp