Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов бастаған өңір кәсіпкерлерінің делегациясы Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болды.
Делегация Өскеменде өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы нысандарын аралап көрді.
Өңіраралық ынтымақтастық бойынша кеңес облыстар әкімдерінің жұмыс бағдарламасының негізгі арқауына айналып, Ерік Сұлтанов пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов екіжақты келісім-шартты бекітіп, меморандумға қолдарын қойды.
Ерік. Сұлтанов аталған кездесу Елбасының өңірлер арасында берік, ұзақмерзімді, өзара тиімді байланыстарды орнату бойынша тапсырмасына негізделгенін атап көрсетті.
Үстіміздегі жылы шығысқазақстандықтар солтүстік өңірге қарымта сапармен келеді.