Елімізде тұратын барлық этностар мен ұлыстардың бір үйдің баласындай болып ұйысуы оңай болмағандығын бəріміз де білеміз. Қазақстандағы тату өмірді шайқау, ел берекесін алу үшін əртүрлі ниеті арам ұйым қаржыландырған азаматтар алуан шеру ұйымдастырып, ұлттарды бір-біріне айдап салуға тырысқан кездер де болды. Өкінішке қарай, кейде дегендеріне жетіп те жатты. Осындай сын сағаттарда еліміздегі барша қазақстандықтарды бір мүдде, бір мақсатқа біріктіру бағытындағы саясат жұртымызды түрлі қақтығыстардан аман сақтап, бүгінгідей мамыражай заманға жеткізді. Біз мұны ешқашан ұмытпауымыз керек.
Қазақстан халықтарының бірлігі күнін атап өтудің маңызы зор. Облыс орталығында да, ауданымызда да жылда көптеген шаралар ұйымдастырылуда. Оған осы елді мекендеп, екінші Отаны ретінде қабылдаған өзге этнос өкілдері де, жергілікті халық та белсене қатысып келеді.
Күш – бірлікте, түсіністікте. Бүгінгі біздің мақсатымыз – бірлігімізге сызат түсірмеу. Барша халық бір атаның баласындай ұйысып, ынтымағы ырысқа ұласқан еліміз үшін бұл мерекенің қашанда маңызы зор, мәні терең.
Николай ВЕРБОВСКИЙ,
“Ұлытау” этномәдени бірлестігінің төрағасы.
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан.