«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЫРЫС – ЫНТЫМАҚТАН

Еліміз талай қиын кездерді, дағдарысты бастан өткерді. Алдымыздағы жаһандық дағдарысты да еңсеріп, мемлекетімізді одан әрі көркейтеміз деген ойдамын. Жолдаудағы Елбасымыздың алға қойған мақсаттары орынды. Себебі, қазіргі әлемде болып жатқан жағдайлар, алпауыт мемлекеттердің бір-біріне санкция жариялауы, негізгі экспорттық тауарлар бағасының құлдырауы, лаңкестік әрекеттердің орын алуы кімді де болсын ойландырары хақ. Елбасымыз айтқандай: “Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін бірлесіп, еңбек етуіміз керек. Сонда қасиетті Қазақстанымызды Мәңгілік Ел етеміз”. Осы уақытқа дейін жүзеге асырылған ондаған жобалардың өз жемісін беруі, дәл бүгінгі күні Дүниежүзілік сауда ұйымына енуі Қазақстанның қай жағынан болсын дамып жатқандығын көрсетеді. 1997 жылы алға қойған мақсатымыз әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына ену болатын. Қазір 30 елдің қатарынан өз орнымызды алу, менің ойымша, осындай Президентіміз барда, бізге қиындық тудырмасы анық.

Елбасымыздың кезекті халыққа арнаған Жолдауын баршамыз ынта-ықыласпен тыңдап, зерделей ой түйдік. Қол жеткен жетістіктерді ешкім жоққа шығара алмасы анық. Сондықтан Жолдау межелерін жүзеге асыруда тұтастай халықтың ауызбіршілігі мен жауапкершілігі өте қажет. Мемлекет басшысының бұл Жолдауы біздің өсуіміздің, өркендеуіміздің нақты тұғырнамасы іспетті.  

Жадыра ҚАРЖАУОВА,

Әбу Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға мамандандырылған облыстық гимназия-интернатының мұғалімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp