«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЫСТАМБҰЛДАҒЫ ҰШАҚ АПАТЫ

Pegasus Airlines әуе компаниясының ұшағы Ыстамбұл әуежайында апатқа ұшырап, нәтижесінде қаза тапқандар саны үш адамға жетіп, 179 жолаушы зардап шекті. Олардың арасында екі қазақстандық бар.

«Ұшақ 30 метрлік биіктіктен қону кезінде құлап түскен», – деді Ыстамбұл губернаторы Али Йерликай жергілікті телеканалдардың эфирінде.
Алдын ала болжамға сәйкес, апатқа қатты жел себеп болған.
Салдарынан ұшақ үшке бөлініп, қираған. Ұшақта 177 жолаушы болған. Қазір Пегасус фирмасына тиесілі ұшақтың писттен шығып кету себептері тексерілуде. Оқиға орнына өрт сөндірушілер мен медициналық жедел жәрдем қызметі жұмылдырылды.

https://egemen.kz/ 

https://newtimes.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp