«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ыстықкөлдегі рекорд

Қазақстандық жүзгіш, Азия чемпионы Виталий Худяков Қырғызстандағы ең үлкен су айдыны – Ыстықкөлді бір шетінен екінші шетіне дейін жүзіп өтті.

Ақтөбе облысының дене шы­нықтыру және спорт басқармасы­ның мәліметінше, спортшы жүзу­ді 5 тамыз күні таңғы сағат 5.15-те Чолпон-Атада бастаған. Су тем­пе­­ратурасы 18-19 градус жылы бол­ған. Отандасымыз 56 шақы­рым­ды 13 сағат 18 минутта жүзіп өтіп, Каджи-Сай жағажайына жет­кен.

Бұл рекордтық көрсеткіш бо­лып табылады. Спортшы бұл ре­кор­дын биыл өтпей қалған Токио­дағы Олимпиада ойындарына арнады. Себебі, дәл 5 тамыз күні жос­п­ар бойынша төртжылдық до­дада ашық суда жүзуден жарыс басталуы тиіс болатын.

Еске салайық, Виталий Худя­ков ашық суда жүзуден Азия чем­пионатының төрт дүркін жеңімпа­зы әрі 2021 жылы өтуі тиіс Токио Олим­пиадасы жолдамасының иегері.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp