«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЫСТЫҚ СУ ШАШҚА ЗИЯН

Перизат есімді оқырманымыз қыс айларында шашты қалай күту қажеттігін сұрап, редакциямызға хат жазыпты. Бұл сұраққа сән салонының қызметкері Биғайша Әкебайқызы жауап береді.

Қыс мезгілінде шашқа жақсы күтім жасау үшін оны салқын сумен жуу керек. Шашты кептіруге арналған феннің ыстық температурасы шашқа қандай зиян болса, ыстық су да солай зиян, шаштың қорғаныс қабатын азайтады. Шаш кептіргенде шұғыл жағдай болмаса, фенді қолданбауға тырысқан жөн.

Арнайы қыс мезгілінде шаш жууға арналған сусабындар мен бальзамдарды қолданудың да пайдасы бар. Аптасына кемінде бір рет емдік маска жағып отырыңыз. Бұлардың бәрі шаштың ылғалдылығын сақтауға көмектеседі.

Металдан жасалған тарақты қыста ғана емес, мүлде қолданбаңыз. Әдеттегі пластмасса тарақты қыста пайдаланбауға болады. Оның орнына ағаш тарақ ұстауға тырысыңыз. Бұл жағдайда шашыңыз тез таралады және аз электрленеді. Бас киімді шешкен кезде көп жағдайда шаш өздігінен электрленіп, тарауға да көнбей, әуреге салады. Ондай кезде қолға жағатын кремді шаш түбіне аздап жағып, тарап жіберсе болды. Шаш көпке дейін өз формасын ұстап тұрсын десеңіз, түссіз және жылтырақсыз лак сеуіп, тарау керек. Бұл ретте шаш электрленбейді және сырт көзге әдемі көрінеді. Есіңізде болсын, лак қолданған кезде шашты күнде жуып отыру керек.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp