Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев 2014 жылғы 11 қарашадағы өзінің “Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол” атты Жолдауында жаһандық сын-қатерлер жағдайындағы Жаңа экономикалық саясат туралы жария етіп, дағдарысқа қарсы тиімді тетіктерді, инвестицияларды тарту мен жаңа жұмыс орындарын құру жолдарын көрсетті.
Республика экономикасына қолдау жасау және оны одан әрі дамыту үшін Ұлттық қордан елеулі қаражат бөлу туралы шешім қабылданды.
Жолдауда мына жеті негізгі басым бағыт айқындалды:
– көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту;
– индустриялық инфрақұрылымды дамыту;
– энергетикалық инфрақұрылымды дамыту;
– ТКШ инфрақұрылымын және сумен-жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту;
– тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту;
– әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту;
– шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау.
Мемлекет басшысы қойған міндеттерді орындау мақсатында облыста мемлекеттік, салалық бағдарламалар және аумақтарды дамыту бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығы аясында 2010 жылдан бастап 31,4 млрд. теңге инвестициялар көлеміндегі Индустрияландыру картасының 32 жобасы ойдағыдай басталып, аяқталды, 1473 жұмыс орны құрылды. Экономиканың түрлі салаларында 18 нысан салынды, жүк вагондарын шығару игерілді, республиканың мұнай-газ және темір жол кешендерінің мұқтаждарына арналған өнім шығаратын біздің машина жасау кәсіпорындарымыздың өндірісі жаңғыртылды.
“Сырымбет” кен-байыту кешенін салу жобаларын жүзеге асыру жалғасуда.
Қазіргі уақытта 2015-2019 жылдарға арналған Индустрияландыру картасына 27,4 млрд. теңге инвестициялар көлеміндегі 39 жоба кіреді, соның ішінде 1600-ден жұмыс орнын құратын құны 900 млн. теңгеден астам 5 жоба бар.
Үстіміздегі жылдың өзінде ғана 700-ден астам жұмыс орнын құратын 10,4 млрд. теңге көлеміндегі 20 жобаны енгізу көзделуде, оның 6 жобасы бірінші жартыжылдықтың өзінде енгізілді.
Картаның жобалары бойынша шығарылған өнімдер көлемі жылдан-жылға артуда. Егер олар өткен 5 жылда 65,9 млрд. теңгенің өнімдерін өндірсе, үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында 9 млрд. теңгеден астам өнімдер шығарылды.
2015 жылы облыста “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыруға кәсіпкерлерге банк кредиттерін демеуқаржыландыру және кредитке кепілдік беру түрінде қолдау көрсету, өндірістік инфрақұрылымды дамыту, бизнес жүргізу, оқу бойынша сервистік қызметтер көрсету үшін 2,2 млрд. теңге бөлінді.
2015 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Өңірлік үйлестіру кеңесі “Бизнестің жол картасы – 2020” бағдарламасы аясында кәсіпкерлік субъектілеріне бюджеттік қолдау көрсету үшін 62 өтінімді құптады.
“Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау” бағдарламасының 1-бағыты бойынша:
– 30 кредиттің пайыздық ставкасын демеуқаржыландыруға (бюджеттен демеуқаржыландырылатын бөлігі – 154,9 млн. теңге) 1013,3 млн. теңге;
– 6 кредитке кепілдік беруге (бюджеттен берілетін кепіл – 61,7 млн. теңге) 130,2 млн. теңге;
– өндірістік инфрақұрылымды дамытуға 2 нысан бойынша 410 млн. теңге.
“Кәсіпкерлік әлеуетті күшейту” бағдарламасының 4-бағыты бойынша:
– “Назарбаев Университеті” дербес білім беру ұйымы бизнес-мектебі негізінде шағын және орта бизнестің топ-менеджментіне оқытуға 24 өтінім.
2015 жылғы 1 маусымға шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға ұлғайып, 35,3 мың бірлікті құрайды.
Облыста “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020” бағдарламасын жүзеге асыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Бұл іс-шараларға 2,2 млрд. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 1,5 млрд. теңге бөлінді.
2015 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша “Жол картасына” қатысу мәселес і бойынша 2128 адам тілек білдірді, олардың 1445-і іс-шаралармен қамтылды.
Бағдарламаның бірінші бағытының аясында 31 инфрақұрылымдық жобаны жөндеу көзделген, оларда 315 жұмыс орнын құру жоспарланған, 561,4 млн. теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 497,4 млн. теңге бөлінді (88,6%). Қазіргі уақытта 17 жоба бойынша конкурстық шаралар өткізілуде, 14-і бойынша конкурстар аяқталды.
Бағдарламаның екінші бағытының аясында әлеуетті қарыз алушылар ішінен 200 адамды кәсіпкерлік негізіне оқыту жоспарлануда, оған 8,7 млн. теңге бөлінген. Республикалық бюджеттен жалпы сомасы 451,3 млн. теңгеге 150 кредит беру жоспарлануда.
2015 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша қайтарма қаражат есебінен (159,1 млн. теңге) жалпы сомасы 53,4 млн. теңгеге 23 кредит берілді.
Үшінші бағыт бойынша 1,1 млрд. теңге бөлінген, оның 371,6 млн. теңгесі – республикалық бюджеттен және 683,4 млн. теңгесі – жергілікті бюджеттен. 202 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды, “Жастар тәжірибесіне” – 52 адам жолданды, бос жұмыс орындарына 898 адам жұмысқа орналастырылды.
Петропавл қаласында үстіміздегі жылдың қазан айында пайдалануға берілетін жастарға арналған 2 жатақхана салынуда. Үстіміздегі жылдың басынан бағдарлама бойынша салынған үйлерге 31 тұрғыны бар 11 отбасы көшірілді.
Облыста әлеуметтік салаға ерекше назар аударылады. Оны ұстауға және дамытуға 72,4 млрд. теңге бөлінген, бұл – облыстық бюджеттің 55%-ы.
Білім беруге 39 млрд. теңге көзделген, бұл облыстық бюджеттің 29,7%-ын құрайды.
Апатты мектептердің орнына Мамлютка қаласында республикалық бюджет қаражаты есебінен 300 орындық және Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Буденное ауылында жергілікті бюджет қаражаты есебінен 90 орындық 2 мектеп салынуда, сондай-ақ, Петропавл қаласында 120 орынға арналған жатақханасымен химия-биология бейініндегі 720 орынға арналған Назарбаев Зияткерлік мектебі бой көтеруде.
Үш ауысымда оқытатын мектептерді жою үшін Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферттер есебінен мыналар жоспарлануда:
– Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим ауылында 200 орындық жатын корпусымен 400 орынға арналған мектеп-интернатының құрылысына – 400 млн. теңге;
– Тайынша қаласында 300 орындық мектеп құрылысына – 400 млн. теңге.
Балаларға арналған мектепке дейінгі орындармен қамту мәселесі белсенді шешілуде. Атап айтқанда, 2015 жылдың басынан бері 2011-2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында облыста мемлекеттік тапсырыс бойынша мектепке дейінгі 208 жаңа орын ашылды, оның ішінде ашу есебінен 123 орын (Мағжан Жұмабаев ауданының Булаево қаласында “Алтын күн” жеке балабақшасы – 50 орын, “Знайка” жеке шағын орталығы – 25 орын, “Дивисин” ЖШС жеке шағын орталығы – 45 орын), кеңейту есебінен – 85 орын (“АБВГДейка” жеке шағын орталығы – 75 орын, “Кроха” жеке шағын орталығы – 10 орын).
Нәтижесінде балаларды мектепке дейінгі оқумен және тәрбиемен қамту 5,3%-ға артты және 94,9%-ды құрады. 9 ауданда (64%) 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100%-ды құрайды (Айыртау, Ақжар, Мағжан Жұмабаев, Ғ.Мүсірепов атындағы, Мамлют, Тайынша, Тимирязев, Уәлиханов, Шал ақын).
Ұлттық қордан Петропавл қаласындағы Мир-Строительная көшелері бойында 320 орынға арналған балабақша құрылысына 150 млн. теңге қаражат бөлінді.
2015 жылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 21 млрд. астам теңге қарастырылған, бұл – облыстық бюджеттің 16,2 пайызы.
Медициналық ұйымдар үшін жыл сайын жаңа заманауи жабдықтар сатып алынады, емдеудің жаңа технологиялары енгізіледі.
2015 жылдың 5 айында 67 аортокоронарлық шунтирлеу (2014 ж. – 73), 203 стенирлеу (2014 ж. – 216), 546 коронарография (2014 ж. – 581), 26 ангиография (2014 ж. – 40) оталары жасалды.
Кардиохирургиялық бейіндегі медициналық оңалтудан 120 пациент өтті.
2012 жылғы шілде айынан бастап №3 қалалық ауруханада экстракорпоралдық ұрықтандыру (ЭКҰ) бөлімшесі жұмыс істейді. 2015 жылы 25 ЭКҰ бағдарламасы өткізілді.
Облыстық балалар ауруханасында сурдология кабинеті ашылды. Жаңа жабдықтар сатып алынды: аудиометр, пайда болған есту әлеуеттерін тіркеу жүйесі, темпанометр. Есту қабілеті зақымданып, сурдологиялық жәрдем жасалған, есту аппараттарын, кохлеарлық импланттарды алған және есту-сөйлеу мүмкіндіктері қалпына келтірілген адамдарды электрондық тіркеуді қалыптастыру бойынша жұмыс жалғасуда.
Солтүстік Қазақстан облысынан кохлеарлық имплантациялау бойынша ота жасалғаннан кейін екі бала Астана қаласындағы республикалық балаларды оңтайландыру орталығында емделді.
Мына көрсеткіштер бойынша “Саламатты Қазақстан” мемлекеттік бағдарламасының орындалуы оң серпін алған болып табылады:
– жалпы өлім-жітім көрсеткіші 3%-ға төмендеді;
– халықтың табиғи өсімі 1000 тұрғынға шаққанда 1,71-ден 2,25-ке дейін ұлғайды;
– сәбилер өлім-жітімінің көрсеткіші 0,6%-ға төмендеді;
– аналар өлім-жітімі тіркелмеген;
– туберкулезден өлім-жітім көрсеткіші 29,4%-ға төмендеді;
– балалар арасында туберкулезден өлім-жітім жағдайлары тіркелмеген;
– онкологиялық аурулардан өлім-жітім 1%-ға төмендеді.
Облыстың үстіміздегі жылдың 5 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары Елбасының тапсырмаларының ойдағыдай жүзеге асырылғанын көрсетеді.
Атап айтқанда, жалпы өңірлік өнім көлемі (бұдан әрі – ЖӨӨ) 2013 жылғы көрсеткіштен 6,1%-ға асып түсіп, 807,0 млрд. теңгені құрады (2014 жылдағы алдын ала мәліметтер). ЖӨӨ өсімінің қарқыны бойынша облыс 4-ші орында. Жан басына шаққанда 1406,7 мың теңгенің тауарлары өндірілген және қызметтері көрсетілген немесе 2013 жылға қарағанда 8,7% артық.
Ауыл шаруашылығының өсуі мал шаруашылығында өндіріс көлемдерінің ұлғаюы есебінен 4,9%-ды құрады (атап айтқанда, ет (тірі салмақпен) – 1,7%-ға, сүт – 4,8%-ға, жұмыртқа – 20,5%-ға).
Шаруашылықтың барлық түрлерінде ірі қара – 6,8%-ға, жылқы – 4,4%-ға, қой-ешкі – 6,6%-ға, құс 1,6%-ға артты.
Өнеркәсіпте 62,7 млрд. теңгенің өнімдері шығарылды, өнім өндірудің артуы 0,5%-ды құрады. Айтарлықтай жоғары өсім қарқыны кен өнеркәсібінде – 123,3%, сумен жабдықтауда –111,9%, электрмен жабдықтауда, газ, бу беруде – 111,3% байқалады.
Бөлшек тауар айналымы 2,1%-ға өсті, негізгі қорға инвестициялар көлемі 41,3%-ға өсті.
Жалпы ауданы 20,8 мың шаршы метр тұрғын үй берілді немесе өткен жылғы сәйкес кезеңдегіден 6,9%-ға артық.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 1,7 есеге ұлғайды және 7,0 млрд. теңгені құрады.
Инфляция деңгейі өткен жылғы сәйкес көрсеткішпен салыстырғанда 2,9 пайыздық пунктке қысқарып, 101,6%-ды құрады.
Халықтың өмір сүру деңгейі де жақсарып келеді. Облыста орташа айлық еңбекақы 6,5%-ға ұлғайып, 77618 теңгені құрады. Халықтың жан басына шаққандағы табысы 7,7%-ға өсіп, 50518 теңгені құрады. Жұмыссыздық деңгейі 4,9%-ды құрап, 0,1 пайыздық пунктке қысқарды.
2015 жылғы 5 ай ішінде 10,6 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. 4635 жаңа және 395 маусымдық жұмыс орны құрылды. 2586 жұмыссыз қоғамдық жұмыстарға жіберілді.
2014 жылы Ұлттық экономика министрлігі жүргізген әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны мен деңгейін талдау қорытындысы бойынша облысымыз 6-орынға ие болып, орташа даму қарқынымен Қазақстан Республикасы өңірлерінің көшін бастады, даму деңгейі бойынша 2013 жылғы 10-орынға қарағанда 9-орын алды.
Облыс экономикасының 2015 жылғы 5 айдағы тұрақты дамуына қарағанда үстіміздегі жыл оң нәтижемен аяқталады деп қорытынды жасауға болады.
Бибіхан МАХМЕТОВА,
СҚО экономика басқармасының экономикалық саясат және жоспарлауды жинақтау бөлімінің басшысы.