«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ ТІРЕГІ

Облыс әкімі Құмар Ақсақалов аграрлық басқармалардың кеңейтілген алқа отырысына қатысты. Жиын барысында ауыл шаруашылығы саласындағы жетістіктер мен олқылықтар, отандық тауар өндірушілерді қолдау, экспортқа бағытталған өндірістің маңыздылығы және ауылдық жердегі кәсіпкерлікті дамыту мәселелері талқыланды. Отырыс барысында өңір басшысы Құмар Ақсақалов бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласының ел экономикасының басты бағдарларының бірі екенін атап айтты.

– Бүгінде ауыл шаруашылығы саласы – ел экономикасының негізгі тірегіне айналып отыр. Шаруаларға қолдау көрсету – бүгінгі күннің талабы. Нәтижесінде ауылдардың әлеуеті артып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Бүгіндері ауыл және мал шаруашылығы саласында өсім байқалады. Бұл жетістік – мемлекет пен бизнестің тығыз қарым-қатынасының нәтижесі. Ендігі мақсатымыз – агроқұрылымдардың Үкіметпен және мемлекеттік органдармен байланысын нығайту. Себебі, шаруаның әр жетістігі – бұл тұрғындардың жұмыспен қамтылуы, біздің әл-ауқатымыздың артуы, – деді Құмар Іргебайұлы.
Солтүстік Қазақстан – аграрлы өлке. Ауасы таза, топырағы құнарлы, шөбі шүйгін облыста егін де, мал да өседі. Мұны жер емген шаруаларымыз дәлелдеп жүр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ерболат Бекшеновтың айтуынша, былтыр фермерлеріміз ауа райының қиындығына қарамастан, 5 млн. тонна астықты қамбаға құйды. Бұдан бөлек, 97,2 мың тонна мал мен құс еті, 567,7 мың тонна сүт және 802,9 млн. дана тауық жұмыртқасы өндіріліпті.
 Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp