«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

“ЭКСПО – 2017” КӨРМЕСІ БАЛАЛАР КӨЗІМЕН

Облыс орталығындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде “ЭКСПО – 2017” халықаралық көрмесіне орай “Болашақ біздің қолымызда” форумы өтті. Шараны Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы және “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. “Болашақтың энергиясы” және “жасыл” экономика бағытындағы Қазақстан жолы” ұранымен өткен форумның мақсаты “ЭКСПО – 2017” көрмесінің еліміз үшін маңызын ұғындыру. Сондай-ақ, шара арқылы жастардың экологиялық мәдениетін және табиғи құндылықтарға жанашырлықтарын қалыптастыру көзделген.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары ғылыми жобаларында болашақта экологиялық тапшылықтарға ұрынбаудың жолдарын зерттепті. Тіпті, олар қалдықтарды қайталама өнім ретінде өңдеуді ұсынып отыр. Шәкірттер көрмеде физика, химия бағытындағы зерттеу еңбектерін де таныстырды.

Бұдан кейін форум қатысушыларына осы тақырыпты қамтыған баяндамалар оқылды. Соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

(Өз тілшіміз).

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp