«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Электрондық форматта көрсетеді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үстіміздегі жылғы Жолдауында «Мекемеаралық байланыста да, азаматтармен қарым-қатынас кезінде де қағазбастылықтан барынша бас тартқан жөн» деп атап көрсетті. Бүгіндері цифрландыру барлық реформаның негізгі элементі екені сөзсіз.

Өңіріміздегі көші-қон бөліністерінің қызметкерлері өз жұмысын цифрландыруды жүйелі жүзеге асыруда. Биылғы жыл басынан бері барлық мемлекеттік қызметтердің 92 пайызы халыққа электрондық түрде ұсынылды. Көші-қон желісі бойынша солтүстікқазақстандықтар жүгінген қызметтің ең белгілі түрлері – «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар мен жеке куәліктер беру» және «Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жеріне тіркеу» болып табылады. Бұл қызметтердің екі түрін де «Электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн-режимінде алуға болады. Көші-қон қызметін цифрландыру облыс аумағында дамып келеді. Мысалы, наурыз айынан бастап «Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кету» және «Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру» қызметтері де қашықтықтан қолжетімді бола бастады.
«Мемлекеттік қызметті «үйден шықпай» алу мүмкіндігі – бұл полицияның халықпен жұмыс істеуінің сервистік моделіне көшуіндегі маңызды элементі. Бұл формат қызмет алушының полиция қызметкерлерімен тікелей байланысын шектеп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының қаупін барынша азайтады, кезекте ұзақ күтуді және бөлініс қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетеді.
Департаменттің ресми интернет-ресурстарының басты парақтарында мемлекеттік қызметтердің алгоритмдері орналастырылған, онда оларды ұсыну мерзімі мен оларды алу тәртібі туралы ақпарат берілгені жайлы полицейлер еске салады. Солтүстікқазақстандықтар мен облыс қонақтары мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қатысты сұрақтарын облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасына 8 (7152) 34-00-30, 34-00-50, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің СҚО бойынша департаментіне 8 (7152) 36-01-62 телефондары арқылы қоюларына болады.
Жыл басынан бері өңіріміздегі көші-қон қызмет басқармасының бөліністері электрондық форматта 76 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетті.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp