Қазіргі таңда салық төлеушілер мен мемлекеттік кірістер департаменті арасындағы байланыс электрондық тәртіпке көшуде. Облыс тұрғындарының басым бөлігі артықшылықтары көп электронды кабинет арқылы есеп тапсыруда. Бұл әдіс салық төлеушілердің уақытын үнемдеп, сапалы қызмет алуларын қамтамасыз етеді.
Облыстық мемлекеттік кірістер жөніндегі департамент солтүстікқазақстандық салық төлеушілерді байланыстың электронды каналдары бойынша түсініктемелерді ұсыну қызметін пайдаланып, электронды ақпарат алмасуға көшуге шақырады. Бұл қызметтің ерекшелігіне тоқталар болсақ, байланыстың электронды каналдары бойынша түсініктеме ұсынған кезде барлық түсініктемелер Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің серверінде сақталады және ешқашан жоғалмайды. Салық төлеушінің электронды кабинетіне жолдаған күні түсініктеме ұсыну күні болып саналады. Салық төлеушінің кез келген уақытта электронды түрде қабылданған түсініктемені қабылдау туралы деректер мен түсініктемені қарау және басып шығару мүмкіндігі бар.
Байланыстың электронды каналдары бойынша, яғни салық төлеушінің электронды кабинеті арқылы түсініктеме берудің бірқатар артықшылықтары бар. Ең алдымен, бұл – компьютердің көмегімен кез келген уақытта, сондай-ақ, демалыс, мереке күндерінде салық органына бармастан, түсініктемелерді ұсыну мүмкіндігі. Қарапайым тілде айтқанда, “электрондық” салық төлеушілер салық органының жұмыс режімінен тәуелсіз болады. Қаржылық шығындар туралы айтатын болсақ, тек ғаламтор үшін ғана төлем төленеді. Ал қағаз тасығышта тапсыру үшін салық төлеуші бланкілер үшін салық басқармасына дейін жолақы үшін де шығындалады.
Түсініктемені электронды түрде беру үшін салық төлеушіде электронды сандық қолтаңба, негізгі контейнермен ақпаратты электронды жеткізушісі (флэшка және т.б.), интернет жүйесі қолжетімді болуы қажет. Немесе азамат “Өзіне-өзі қызмет ету” бөлмесі бар мемлекеттік кірістер органдарына жүгіне алады.
Мемлекеттік кірістер органдары арқылы электронды мәлімет алмасудың қатысушысы өзінің дербес тіркеу деректерін қарауға, хабарлама алу, жеке шоттың ағымдағы жағдайын алуға және қарауға салықтық өтініш ұсыну, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық берешектің жоғы және бары туралы мәлімет алуға құқылы.
Сонымен қатар, салық төлеушінің салықтық есептілікті ұсынуды тоқтату (ұзарту, қайтадан бастау) туралы салықтық өтініш ұсыну, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімдер, айыппұлдар төленген сомаларына есеп және қайтарым жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынуға, Кеден одағының шегінде тауарлар экспорты (импорт) кезінде салық формаларын қабылдауға, салық есептілігін қабылдау, салық есептілігін кері қайтарып алуға мүмкіндігі бар.
Евгений ЯКОВЕНКО,
мемлекеттік кірістер департаменті
камералды бақылау басқармасының басшысы.