«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІ ЖӨНДЕЛУДЕ

Бүгінгі таңда «Солтүстік Қазақстан электр желілік тарату компаниясы» АҚ-ы алдағы жылыту маусымына дайындық аясында тозығы жеткен электр желілеріне жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Бүгінгі таңда акционерлік қоғамның балансында 13221 шақырым электрмен жабдықтау желісі және әртүрлі кернеу сыныбындағы 2392 қосалқы станция бар. Дегенмен, олардың басым бөлігінің тозығы жеткен. Акционерлік қоғамның бас директоры Анатолий Казановскийдің айтуынша, жыл сайын жүргізілетін жөндеу жұмыстары тозығы жеткен желілерді техникалық қалыпты жағдайда ұстауға ғана мүмкіндік беруде.
Акционерлік қоғам Петропавл қаласы мен 8 ауданда энергетика инфрақұрылымын дамыту мен жаңғырту мақсатында жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Жыл соңына дейін 1 мың шақырым электрмен жабдықтау желісі мен 25 шақырым әртүрлі кернеу сыныбындағы электр линиясы қалпына келтіріліп, 31 шақырым жаңа желі тарту жоспарланған. Нәтижесінде электрлік желілердің сапасы жақсарып, тозығы жеткен құрал-жабдықтар жөнделіп, тұтынушылар қажетті электр энергиясымен қамтамасыз етілмек. Сондай-ақ, барлық аудандарда жаз бойы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Мақаланың толық нұсқасын газетіміздің келесі санынан оқи аласыздар. 

 

Сурет: https://basnews.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp