Өңіріміздегі “Севказэнергосбыт” компаниясы 6 мыңға жуық тұтынушыны электр желісінен ажыратып тастады.
Тұтынушылардың барлығы екі айдан астам уақыт қарызын өтемей келген. Олардың мекеме алдындағы берешегі – 61 миллион теңге. Енді электр тарату желісіне қайта қосылу үшін көпқабатты үйде тұратындар 8 мың теңге, ал жеке сектордағы баспана иелері 17 мың теңге төлейді.
Айта кеткен жөн, “Севказэнергосбыт” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 83 мың солтүстікқазақстандыққа қызмет көрсетеді. Соның 10 пайызға жуығы – пайдаланған электр қуаты үшін уақытында есеп айырыспайтындар.