Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департамент “СевКазЭнергосбыт” ЖШС-і үшін 1 кВт/сағат электр энергиясына қосымша құн салығынсыз 12,34 теңге (ҚҚС-мен 13,82 теңге) көлеміндегі босату тарифіне келісімін берді. Ал жеке тұлғалар үшін ол 1 кВт/сағатына ҚҚС-сыз 10,81 теңгені құрайды. Мұндағы тариф өсімі 7 пайыз (субъектінің жобасында 12,5 пайыз болған). Сол сияқты заңды тұлғалар үшін 1 кВт/сағат тарифі 12,92 теңге болып бекітілді, өсімі 9,9 пайыз (субъект жобасында 12,7 пайыз сұралған). Жаңа босату тарифі 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Электр энергиясына босату тарифтерінің көтерілуінің негізгі себептері “СевКазЭнерго” АҚ-ның электр қуатын сатып алу бағасының, “СҚ Тарату электр компаниясы” АҚ-ның электр қуатын беру және тарату жөніндегі қызметтері тарифінің және “KEГOK” АҚ-ның реттелетін қызметтері тарифтерінің өсуіне байланысты болды.
Тоқтар ЗІКІРИН,
“Солтүстік Қазақстан”.