«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭЛЕКТР ҚУАТЫ БІР ПАЙЫЗҒА АРЗАНДАДЫ

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің хатына сәйкес “Болат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1” ЖШС 2015 жылғы 1 ақпаннан бастап ГРЭС-1 электр қуатының босату бағасын ҚҚС-сыз кВт/сағатына 8,80 теңгеден 8,65 теңгеге дейін арзандатқаны туралы хабарлады.

Соған байланысты Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті “Солтүстік Энерго Орталық” ЖШС-нің электр қуатын бөлшектеп өткізу қызметі бағасына сараптама жүргізді.

Нәтижесінде “Солтүстік Энерго Орталық” ЖШС-нің электр қуатына орташа босату бағасы ҚҚС есепке алғанда 0,23 теңгеге немесе 1 пайызға арзандап, 1 кВт/сағатқа 19,24 теңгені құрады (бұл жағдайда тұрғындар үшін электр қуатының бағасы арзандап, орташа 0,17 теңге болды немесе 1%, ал басқа тұтынушылар үшін 0,25 теңге немесе 1%).

 Облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp