«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЭЦҚ АЛУШЫЛАР КӨБЕЙДІ

Өңір тұрғындары арасында электронды-цифрлық қолтаңба алушылар қатары көбейіп келеді. Бұл мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу көрсеткішіне де едәуір әсер етуде.

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаменті тұрғындарға қызметтерді электрондық форматта алу бойынша оқыту семинарларын өткізуді жалғастырып келеді. Оқыту семинарлары мен ақпараттық-түсіндіру дәрістеріне облыстың барлық ауылдық округтері, еңбек ұжымдары, мектептер оқушылары, СҚМУ және колледждер студенттері қатысып үлгерді. Жуырда электронды мемлекеттік қызметтерді алу дәрістері облыстық аурухана дәрігерлері, Аққайың, Уәлиханов, Есіл аудандарының кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының жұмысшылары үшін де ұйымдастырылды. Бұл шараларға 300-ге жуық азамат қатысты. Мұнымен қоса, департамент мамандары облыс орталығындағы “City Mall” сауда-ойын сауық кешенінде өткен “Жолда қабылдау” акциясы барысында электронды-цифрлық қолтаңба аламын деген тұрғындарға ақпараттық көмек көрсетті.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp