Жұдырықтай жүрегіне жылылық пен ұлылық ұялаған әйел – өмірдің мәні, тіршіліктің сәні. Олардың қоғамда, жалпы адамзаттың өмірінде алатын орны ерекше. Әйел – отбасының ұйытқысы, сұлулықтың символы.
Қоғамда береке мен бірлікті ұйыстыратын, жақсылықтың жаршысы болып саналатын әйел-анаға біздер әрқашан қарыздармыз. Ерлермен бірдей түрлі салаларда еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер қандай құрметке болсын лайық. Осы орайда 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында “ЕС-164/8” мекемесінің ер-азаматтары әріптес қыз-келіншектердің құрметіне салтанатты шара өткізді.
Ортамызда іскер де еңбекқор, адамгершілігі мол нәзік жандар барын біз әрқашан мақтан етеміз. Ер-азаматтармен қатар қиын да жауапкершілік жүгі зор салада еңбек етіп отырған қыз-келіншектердің төзімділігі, шыдамдылығы, сабырлылығы біздерге қанат бітіреді. Білікті де білімді нәзік жанды әріптестеріміздің құрметіне орай ұйымдастырылған әсем кеште ән-жырдан шашу шашылып, жанды жадыратар жақсы тілектер айтылды.
Төлеген ЖАҚАЕВ,
“ЕС-164/8” мекемесі
бастығының орынбасары,
әділет капитаны.