Өткен жылы облыстық полиция департаментінің криминалистері 15 мыңға жуық жедел-іздестіру іс-шараларына және тергеу әрекеттеріне қатысты. Алты мыңнан астам криминалистикалық зерттеу жүргізіп, бес жүзге жақын фоторобот жасаған.
“Көбінесе аяқ киімнің іздерімен жұмыс істейміз. Мысалы, сапаржай маңында және Жұмысшы кентінде жасалған бірнеше ұрлыққа қатысы бар 30 жасар күдіктіні анықтауға аяқ киімінің іздері септігін тигізді. Бұдан бұрын ұқсас қылмыстар үшін сотталған қаскөй жер үйлерге кіріп, ақшаны қолды қылған”, – деді Игорь Семенов.
Криминалистер “көрінбейтін іздермен” де жұмыс жасайды. Өткен жылдың жаз мезгілінде жанар-жағармай құю бекетінде болған тонау фактісін тергеу барысында көзге көрінбейтін аяқ киім іздері анықталып, қылмыскерлер әшкереленген.