«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ІЗ-ТҮЗСІЗ ЖОҒАЛҒАНДАР ТАБЫЛДЫ

Өткен аптада облыс аумағында жүргізілген «Іздестіру» халықаралық жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Айыртау аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 1978 жылы туған Қырғызстан Республикасының азаматын ұстады. Бұрын бірнеше рет сотталған ол қазақстандық азаматтың бірінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша күдікті ретінде іздеуде болған. Қылмыс жаздың басында аудан орталығы Саумалкөлде жасалған. Жедел-іздестіру іс-шарасы нәтижесінде айыртаулық полицейлер күдіктіні Ақмола облысының аумағында ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында, тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ, жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде із-түзсіз жоғалған Петропавл қаласының 44 жастағы тұрғынының жүрген жері анықталды. 14 қыркүйекте полицияға анасының үш күн бұрын үйінен шығып кетіп, оралмағанын айтып қызы жүгінген. Оның есте сақтау қабілеті нашар екен. Іздеуге қалалық және облыстық полицияның барлық жеке құрамы бағдарланды. Белгілері көрсетілген фотосуреті учаскелік полиция пункттеріне және аудандық полиция бөлімдеріне жіберілді. Еріктілер әлеуметтік желілерге бағдарларды орналастырып, іздеуге қосылды. Полицейлер тұрғылықты ауданы, сапаржай мен темір жол вокзалы маңы, медициналық мекемелерді тексеріп, тұрғылықты мекенжайы жоқ тұлғалар сұрастырылды. Үш күн іздеуден кейін әйел аман-есен табылып, үйіне қайтарылды.
      Облыстық криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі Сейілхан Жұмағұловтың айтуынша, биылғы жылдың сегіз айында 74 адам із-түзсіз жоғалған, олардың басым бөлігінің тұрғылықты жері анықталды. Осы кезеңде іздеу жарияланған 11 қылмыскердің қолына кісен салынды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp