
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Петропавл көшелерінде кезекшілікте жүрген сарбаздар Жандос Қуанышев, Азамат Ақышев және Мейрамбек Тұрсынбай із-түзсіз жоғалып кеткен 10 жасар баланы тауып алды. Жеткіншек аутизмге шалдыққан болып шықты. Ол Потанин көшесінің бойымен көпірге қарай жүгіріп бара жатқан жерінен табылып, қалалық полиция басқармасына жеткізілді.